«Таза Қазақстан»: Әл-Фараби ауданында бір айда 800-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

    Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» іс-шарасы аясында қоршаған ортаның тазалығын сақтау және абаттандыру қағидаларының орындалуын бақылау жұмыстары жүргізілуде.

    Қазан айында Әл-Фараби ауданы аумағында 796 құқық бұзушылық анықталды. Оның 347-сі пилотсыз ұшу аппаратының көмегімен тіркелді. Аталған деректер бойынша тиісті әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған заңбұзушылықтардың салдары жойылды.

    Шымкент қаласының полициясы тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға, абаттандыру талаптарын сақтауға және қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға шақырады.

    Тазалық – ортақ жауапкершілік!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары