Түркістан қаласында өткен “TURKISTAN MARATHON – 2026” халықаралық марафонында Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкері Махаббат Тоқтас жүлделі орынға ие болды.
Әлемнің 20-дан астам елінен және Қазақстанның түкпір-түкпірінен 3 мыңға жуық желаяқ жиналған спорттық додаға Шымкент полициясының 13 қызметкері қатысты. Олар 10, 21 және 42 шақырымдық қашықтықтарда бақ сынады.
Нәтижесінде 42 шақырымдық марафонды сәтті еңсерген Махаббат Тоқтас жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Полиция қызметкері қызметтік міндеттерін абыроймен атқарумен қатар, спортпен шұғылданудың да маңызды екенін атап өтті.









