Париж, 2026 жылғы 27 қазан – 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының және «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңның қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі аудионұсқалары әзірленді.
Бұл бастама конституциялық заңнамаға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, құқықтық ақпараттың қолжетімділігін арттыруға және инклюзивті ортаны дамытуға бағытталған.
Ағылшын тіліндегі аудионұсқалар шетелдік аудиторияға Қазақстан Конституциясының негізгі ережелерімен және Конституциялық Соттың қызметін реттейтін заңнамамен танысуға мүмкіндік береді.
Аудиожазбалар Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының ресми интернет-ресурсында қолжетімді:
🔗 Қазақстан Республикасының Конституциясы:
https://www.gov.kz/org/ksrk/press/article/details/247111?lang=en
🔗 «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заң:
https://www.gov.kz/org/ksrk/press/article/details/248246?lang=en
Конституциялық Соттың ресми сайты:
https://www.gov.kz/org/ksrk?lang=kk








