«Адал азамат» және «Заң мен тәртіп» бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында облыстық онлайн-семинар

    1 / 9

    2026 жылғы 29 қазанда Шығыс Қазақстан облысының «Күзгі каникулдық мектеп» жұмыс жоспары аясында «Бірыңғай құндылықтар - ортақ жауапкершілік: білім беру ұйымдарында «Адал азамат» және «Заң мен тәртіп» бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өтті.

    Семинарға директорлардың тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері қатысты.

    Іс-шараның мақсаты - аталған бағдарламаларды іске асыруды жетілдіру, білім алушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын, құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, сондай-ақ тәрбие және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша педагогтердің, ата-аналардың және әлеуметтік әріптестердің өзара іс-қимылын нығайту.

    Семинар барысында қауіпсіздік сабақтарын өткізу, «Адал азамат» бағдарламасын ауыл мектебінде іске асыру, мектептің ата-аналармен және полициямен өзара ынтымақтастығы, сондай-ақ білім алушылардың экологиялық тәрбиесі мәселелері қарастырылды.

    Алтай ауданы мен Тарбағатай ауданы мектептерінің өкілдері өздерінің практикалық тәжірибелерімен бөлісті.

    Семинар тәжірибе алмасуға және білім алушылардың адамгершілік құндылықтарын, заңға құрметін, қоғам мен қоршаған орта алдындағы жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмысының өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.

    Ұсынылған баяндамалар заманауи педагогикалық тәсілдердің әртүрлілігін және оларды қосымша білім беру ұйымдарында практикалық тұрғыдан қолдану мүмкіндіктерін көрсетті.

    Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, ұсынылған әдістемелер мен практикалық шешімдерді талқылады. Іс-шараға барлығы 98 педагог қатысты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары