Өскеменде қабылдаушы отбасылардың алғашқы кездесуі өтті

    1 / 3

    Қамқоршы күні мен «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының «Бала асырап алу ұлттық агенттігі» (Агенттік) жобасының 10 жылдығына орай Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысындағы қабылдаушы отбасылардың алғашқы бейресми кездесуі өтті.

    Funky Town балалар ойын-сауық орталығында ұйымдастырылған шараға өз балаларымен қатар қабылдап алған балаларды тәрбиелеп отырған өңірдің 20-дан астам отбасы қатысты. Кездесудің мақсаты — баланы отбасына қабылдау институтын нығайту, бір-біріне қолдау көрсететін ата-аналар қауымдастығын дамыту, тәжірибе алмасуға және мамандардан психологиялық қолдау алуға мүмкіндік жасау.

    « Бала асырап алу ұлттық агенттігі қабылдаушы отбасылармен тек мереке күндері ғана жұмыс істемейді. Біз оларға бала жанұяға келгенге дейін де, одан кейінгі жылдар бойы да кеңес беріп, қолдау көрсетеміз. Бұл кездесу — сол жұмыстың жалғасы. Біз үшін қабылдаушы отбасыларды бір ортаға жинап, ата-аналардың танысып, пікір алмасып, тәжірибесімен бөлісіп, бір-бірінен қолдау табуына жағдай жасау маңызды болды. Балаларға қуаныш сыйлап, ересектерге тынығып, пікірлес жандармен танысып, бір-бірін түсінетін әрі қолдайтын үлкен қауымдастықтың бір бөлігі екенін сезінуге мүмкіндік бергіміз келді», — деді «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының Шығыс Қазақстан облысындағы өңірлік өкілі Наиля Оңғарбаева.

    3 пен 15 жас аралығындағы балалар еріктілермен бірге түрлі аттракциондарға мініп, мерекелік дастарқаннан дәм татып жатқанда, ересектерге арналған жеке бағдарлама ұйымдастырылды.

    «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының «Ана үйі» ресурстық орталығының психологі Лейла Әб і шева ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас тақырыбында тренинг өткізді. «Қабылдаушы ата-ананың супер күші» және «Ата-ананың тәжірибе қоржыны» атты практикалық бөлімдер эмоционалдық қажудың алдын алуға, бала тәрбиесіндегі тиімді тәсілдермен бөлісуге және баланың жаңа отбасына бейімделу кезеңінде онымен дұрыс қарым-қатынас орнату жолдарын талқылауға арналды.

    Кездесуде ата-аналар қауымдастығын қалыптастыруға да ерекше көңіл бөлінді. Өйткені қабылдаушы ата-аналар үшін өздерімен ұқсас жолдан өтіп келе жатқан жандармен араласудың маңызы зор.

    «Біз қабылдаушы ата-ана болғанымызға тоғыз жылға жуықтады. Отбасымызда туған және тәрбиеге алған бес бала мыз өсіп келеді. Осы жылдар ішінде әртүрлі сұрақтар мен қиындықтар туындайтынына көз жеткіздік. Мұндай кезде жалғыз емес екеніңді білу өте маңызды. Қабылдаушы ата-ананы кім шын түсіне алады? Бәлкім, басқа қабылдаушы ата-ана ғана түсінетін шығар. Осындай кездесулерде біз бір-бірімізді сөзсіз-ақ түсінеміз. Ұлттық бала асырап алу агенттігі мамандарының қолдауы біздің отбасымыз үшін өте маңызды. Агенттіктің бізге осындай мүмкіндіктер жасап жатқаны қуантады», — деп бөлісті қабылдаушы ана Людмила Голяшова.

    Кеш соңында отбасыларға алғыс хаттар мен тұрмыстық техника сатып алуға арналған сертификаттар табысталды.

    Алдағы уақытта Шығыс Қазақстан облысында отбасыларға арналған бейресми мерекелік кездесулер өткізу, сондай-ақ сарапшылар қатысатын дөңгелек үстелдер мен пікір алмасу алаңдарын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және баланы отбасына орналастыру жүйесін дамыту мәселелерін талқылауға мемлекеттік органдардың, қорғаншылық органдарының өкілдері, қоғам белсенділері, сарапшылар мен қабылдаушы ата-аналар қатысады.

    Бұл бағыттағы жұмыс әлі де өзекті. Өңірдегі интернаттық ұйымдарда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жүздеген бала тәрбиеленіп жатыр. Мемлекет, үкіметтік емес ұйымдар мен ата-аналар қауымдастығының бірлескен күш-жігері әр баланың отбасын да өсуіне жол ашады.

    Сандар сөйлейді

    Қазақстан бойынша:

    • Қазақстанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 20 798 бала бар. Олардың 82%-ы отбасыларда тәрбиеленіп жатыр;
    • соңғы 10 жылда интернаттық ұйымдарда тәрбиеленетін балалар саны 54%-ға, ал мұндай ұйымдардың саны 24%-ға азайды;
    • бүгінде жетім балаларға арналған 117 ұйымда шамамен 3 800 бала тәрбиеленіп жатыр.

    «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының «Б ала асырап ұлттық алу агенттігі » жобасының 10 жылдағы нәтижелері (2016–2026):

    • 2 273 бала отбасын тапты;
    • 1 536 жанұя баланы тәрбиелеуге қабылдады;
    • 24 080 адам заңгерлік және психологиялық кеңес алды;
    • 7 274 адам Қабылдаушы ата-аналар мектебінде оқудан өтті.

    Шығыс Қазақстан облысындағы осы кезеңнің нәтижелері:

    • 120 бала отбасын тапты, 87 отбасы баланы тәрбиелеуге қабылдады;
    • 403 үміткер Қабылдаушы ата-аналар мектебінде дайындықтан өтті;
    • 861 адам заңгерлік және психологиялық кеңес алды;
    • 13 бала оңалту курсынан өтті, тағы 20 бала қор мамандарының тұрақты сүйемелдеуінде.

    АНЫҚТАМА

    «АНА ҮЙІ» қоғамдық қоры екі негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді.

    Бірінші бағыт — қиын жағдайға тап болған әйелдер мен олардың балаларына қолдау көрсететін «Ана үйі» ресурстық орталықтарының желісі.

    Екінші бағыт — Б ала асырап алу ұлттық агенттігі. Агенттік жетім балалардың отбасын табуына көмектеседі, болашақ ата-аналарды Қабылдаушы ата-аналар мектебінде дайындайды және отбасыларға заңгерлер мен психологтердің тегін көмегін ұсынады.

    Қабылдаушы ата-аналардың өзара тәжірибе алмасып, бір-біріне қолдау көрсетуі үшін «Равный равному» қабылдаушы ата-аналар клубы жұмыс істейді. Клуб мүшелері жабық WhatsApp чатында араласып, офлайн кездесулерге, вебинарлар мен түрлі байқауларға қатысады.

    Бұл жұмыстың жалғасы ретінде қор «Хочу в семью» жобасын жүзеге асырып келеді. Жоба аясында отбасын табуы қиындау балалардың бейнеанкеталары түсіріліп, қордың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланады. Қазақстанның 8 өңірінен 30 0 -ден астам бала бейнетүсірілімге қатысты. Олардың 34 -і бүгінде отбасына орналастырылды.

    Кәмелет жасына толған, әрекетке қабілетті, соттылығы жоқ, нарколог пен психиатрдың есебінде тұрмайтын, ата-ана құқығынан айырылмаған және денсаулық жағдайы туралы оң қорытындысы бар Қазақстан азаматы қорғаншы бола алады. Үміткерлер Қабылдаушы ата-аналар мектебінде тегін оқып, сертификат алады. Одан кейін электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен egov.kz порталы арқылы құжаттарын тапсырады.

    Б ала асырап алу ұлттық агенттігінің байланыс орталығы: 1422.

    БАҚ өкілдеріне арналған байланыс:

    Наиля Оңғарбаева, «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының Шығыс Қазақстан облысындағы өңірлік өкілі: +7 777 318 28 70

    Б ала асырап алу ұлттық агенттігі: https://www.instagram.com/nau_usynovlenie.kz

    «Ана үйі»: https://www.instagram.com/dommamy

    « Хочу в семью » жобасы: https://www.instagram.com/hochu_v_semyu

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Өскемен қаласының әкімдігі" жаңалықтары