Қазақ тілі мен әдебиет (Т2) мұғалімдерінің облыстық қауымдастығының отырысы

    1 / 6

    Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті (Т2) мұғалімдерінің облыстық қауымдастығының отырысы өтті.

    Кездесудің мақсаты 2026-2027 оқу жылындағы оқу үрдісіндегі жаңашылдықтарды талдау, саралау мұғалімдерге бағыт-бағдар беру және әдістемелік көмек ұсыну.

    Отырыс барысында Өскемен, Риддер қалалары мен Глубокое ауданының мұғалімдері «Қазақ тілі мен әдебиеті (Т2) сабағында жасанды интеллект арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру және жаңа форматта бағалау» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті.

    Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар кері байланыс жасап, ұсынылған материалдардың практикалық маңыздылығын атап өтті және өздерінің педагогикалық қызметінде қолдану үшін пайдалы ақпарат алғанын жеткізді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары