«Тіл – татулық тірегі»: мемлекеттік тіл – бірлік негізі

    1 / 4

    Республика күні қарсаңында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Алма Қабыкенқызы Шалабаева мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге этнос өкілдерімен кездесті. «Қасым үйі» мәжіліс залында өткен дөңгелек үстелге қазақ тілінің амбассадорлары қатысты.

    Кездесудің мақсаты:
    ▪️ қазақ тілінің қоғамды біріктірудегі рөлін талқылау;
    ▪️ мемлекеттік тілді меңгерген азаматтардың тәжірибесімен бөлісу;
    ▪️ қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтудің тиімді жолдарын қарастыру.

    Кездесу барысында қатысушылар қазақ тілін үйрену және күнделікті өмірде қолдану тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар қазақ тіліндегі контентті арттыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және тіл үйренуге ниет білдірген азаматтарға қолдау көрсету мәселелері талқыланды.

    Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің маңызды тірегі. Оның қолданыс аясын кеңейту – ортақ міндет. Қазақ тілін құрметтеу және оны күнделікті өмірде қолдану қоғамдағы өзара түсіністік пен ынтымақты нығайтуға ықпал етеді.

    Іс-шара соңында қазақ тілінің дамуы мен қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосып жүрген амбассадорларға алғысхаттармен бірге Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы табысталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті" жаңалықтары