ҚАЗАҚ ТЕРМИНЖАСАМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

    1 / 3

    2026 жылғы 16 қазанда ҚРҒылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы«Қазақ терминжасамының негізгі әдіс-тәсілдері»республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

    2023-2029 жылдарға арналған тіл саясатын дамыту тұжырымдамасының«Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту»бағытын іске асыру аясында өткен конференцияда қазіргі қазақ терминжасамының өзекті мәселелері, сондай-ақ ұлттық терминжасамның әдістері мен тәсілдерін теориялық және практикалық тұрғыдан қарастыру мәселелеріқаралды.

    Конференция барысында қазақ тіліндегі терминжасамныңғылыми негіздері, терминжасамдағы жаңа модельдер мен үрдістер, калька және аударма тәсілдері, кірме терминдерді қазақ тіліне бейімдеу, терминдерді стандарттау мен біріздендіру, сондай-ақ салалық терминжасамның құрылымдық-семантикалық ерекшеліктері талқыланды.

    Жиынға терминология, тіл білімі, аударма ісі және білімберусаласының белгілі ғалымдары мен мамандары қатысты.

    Конференцияда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті,ҚР ҰҒА академигіШерубай Құрманбайұлы«Қазіргі түрік тілдеріндегі терминжасам үдерісінің тілдік және әлеуметтік-лингвистикалық мәселелері»тақырыбында баяндама жасады.

    Мақсұт Нәрікбаев университетініңпрофессоры, PhDАйнұрБаекеева «САТ құралдары арқылы көптілді терминологияны аударма тәжірибесінде автоматтандыру»тақырыбын таныстырды.

    Шәкәрім университеті қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, PhDАқжібекАхметжалпы тіл біліміндегі терминжасам үлгілеріне тоқталды.

    Қазақ-Америка университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторыСараКоянбековақазақ терминжасамындағы жаңа атаулар парадигмаларының жасалуы және цифрлықмодельдері туралы сөз қозғады.

    Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына»ҰҒПО-ныңТерминология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидатыБақытгүлЫсқақ баяндамасындажаратылыстану-математикалық бағыт бойынша бекітілген терминдердің жасалу үдерісін қарастырды.

    Сонымен қатарАбай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығының жетекші ғылыми қызметкері, PhD Мәрлен Әділовкөне сөздердің термин ретінде қайта жандану үрдісі және түркі тілдері арасындағы терминалмасым мәселелерін талқылады.

    АлМ. Қозыбаев атындағыСолтүстік Қазақстан университетініңПрактикалық қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, PhDАидаАубакировақазақ тіл біліміндегі жаңа терминдердің зерттелуі, жіктелуі және қалыптануы мәселелеріжөніндегі зерттеулерін ұсынды.

    Конференцияның пікірталас бөліміндеқазақ терминологиясының қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, ұлттық терминдерді қалыптастырудың тиімді жолдары және терминологиялық қорды жетілдіру мәселелері сараланды.

    Ғылыми-практикалық конференция нәтижесінде қазақ терминжасамын дамытуға, терминдерді жүйелеу мен біріздендіруге және қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі әлеуетін арттыруға бағытталған ғылыми ұсыныстар мен тұжырымдар талқыланды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті" жаңалықтары