Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірегейлік пен ғылым-білімнің тұғыры» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты – Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 2026 жылғы 10 қарашада өткен X құрылтайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген стратегиялық міндеттерді өңірлік деңгейде талқылау және мемлекеттік тілдің ғылым, білім мен цифрлық кеңістіктегі қолданыс аясын кеңейту жолдарын қарастыру.
Семинар барысында мемлекеттік тілдің ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі, қазақ тілінің ғылыми және цифрлық әлеуетін дамыту, ұлттық цифрлық деректер қорын қалыптастыру, орфографиялық нормалар мен тілдік бірізділікті сақтау мәселелері талқыланды.
Семинарға ғалымдар, педагогтер, студенттер мен тіл жанашырлары қатысып, өзекті тақырыптар бойынша баяндамалар жасады.
Кездесу қорытындысында мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдегі қолданысын кеңейту және оның ғылыми-цифрлық әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









