Алматы облысында «Жеті қазына – жеті кітап» әдеби марафонының қорытынды кезеңі өтті

    1 / 2

    2026 жылғы 26 қарашада Қонаев қаласында Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Жеті қазына – жеті кітап» облыстық әдеби марафонының қорытынды кезеңі өтті.

    Облыс әкімінің қолдауымен ұйымдастырылған әдеби марафонның мақсаты – ұлттық әдебиетті дәріптеу, кітап оқуға қызығушылықты арттыру және көркем шығармалардың тағылымдық мәнін насихаттау.

    Қорытынды кезеңге облыстың 9 ауданы мен 2 қаласынан 77 қатысушыны біріктірген 11 команда қатысты. Жарыс барысында қатысушылар «Оқы», «Талда», «Пікір білдір», «Білгірлер бәйгесі», «Зерделі оқырман» және «Сахнала» кезеңдерінде білімдері мен шығармашылық қабілеттерін танытты.

    Сонымен қатар командалардың жұмысына ақын-жазушылар, мәдениет қайраткерлері мен қоғамдық ұйым өкілдерінен құралған қазылар алқасы баға берді.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 11 желтоқсанда облыс әкімі С.Ш. Әріновтің қатысуымен өтеді. Сонда үздік командалар дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

    Жалпы, әдеби марафон өңірде кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, ұлттық әдеби мұраны дәріптеуге және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті" жаңалықтары