Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті·Жаңалықтар мұрағаты
Бүгін Қостанай облысында «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында облыстық тілдерді оқыту орталығының тыңдаушыларының қатысуымен «Қазақстан Тәуелсіздігі – баға жетпес құндылық» тақырыбында облыстық диктант өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеу, азаматтардың патриоттық сезімін арттыру, құқықтық сауаттылығын қалыптастыру және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.
Облыстық диктантқа түрлі салада қызмет атқаратын 200-ден астам қызметкер қатысты.
Іс-шара мемлекеттік тілге деген құрметті арттыруға, ұлттық сана мен отансүйгіштік рухты нығайтуға бағытталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









