«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 26 қарашада Қостанай облысының Әділет департаментінде сот шешімдерін орындау және мемлекеттік құқықтық саясатты жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг өтті.Брифинг барысында алимент өндіру және кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Өйткені әрбір сот шешімінің артында нақты өмірлік жағдай тұр. Ал міндеттемелердің уақтылы орындалуы балалар мен олардың отбасыларының әл-ауқатына тікелей әсер етеді.Сонымен қатар халыққа қолжетімді заң көмегін көрсету, цифрлық нотариатты дамыту және атқарушылық іс жүргізу мәселелері де сөз болды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бейінді бөлімдердің басшыларына сұрақтар қойып, өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер алды.Брифинг мемлекеттік органдар өкілдері мен журналистер арасында ашық диалог орнатуға мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер заңнама нормаларын түсіндіруге ғана емес, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне қоғам назарын аударуға да ықпал етеді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









