Павлодар облысында «Тіл – ұлттың тірегі» атты облыстық форум өтті. Форумды облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды.
Форумға қала және аудан әкімдіктерінің тіл саясатына жауапты қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, белсенді жастар мен студенттер қатысты.
Форумның мақсаты – өңірдегі тіл саясатының өзекті мәселелерін талқылау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, озық тәжірибелермен алмасу және жаңа бастамаларды қолдау.
Форум барысында тіл саласының мамандары мен білім беру ұйымдарының өкілдері мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тілдік ортаны қалыптастыру және тіл саясатын іске асыру мәселелері бойынша баяндамалар жасады.
Сонымен қатар форум аясында өңірде тіл саясатын іске асыруға үлес қосып жүрген азаматтар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Форум мерекелік концерттік бағдарламамен қорытындыланды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









