Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 2
Бүгін Қостанай облысында тіл орталығының тыңдаушыларына арналған «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттауға бағытталған кездесу өтті.
Кездесуде Полиция департаменті Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының аға инспекторы, полиция капитаны Кира Александровна Утеулина заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында заңға құрметпен қараудың, құқықтық сауаттылық пен азаматтық жауапкершілікті арттырудың маңыздылығы атап өтілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








