«Жеті қазына – жеті кітап» облыстық әдеби марафоны өтті

    1 / 5

    2026 жылғы 20 қарашада Қонаев қаласындағы «Қазақ орта мектеп-лицейінің» мәжіліс залында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырған 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Жеті қазына – жеті кітап» атты облыстық әдеби марафон өткізілді.

    Облыстық әдеби марафонның мақсаты – қатысушыларды ұлттық әдебиеттің көрнекті туындыларымен таныстыру, шығармалардың мазмұны мен тағылымдық мәнін терең түсінуге, өз ой-пікірлерін еркін жеткізуге, кітап арқылы рухани құндылықтарды дәріптеуге және ұлттық әдеби мұраға деген қызығушылықты арттыруға ынталандыру.

    Марафонның өткізу кестесіне сәйкес Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарынан келген үш топ қатысып, бақтарын сынады.

    Іс-шара барысында қатысушылар марафон ережесіне сәйкес бес кезең бойынша жарысқа түсті. Атап айтқанда, 1-кезең – «Оқы», 2-кезең – «Талда», 3-кезең – «Пікір білдір», 4-кезең – «Білгірлер бәйгесі» және «Зерделі оқырман», 5-кезең – «Сахнала» деп аталды.

    Қатысушылар ұсынған жұмыстар мен орындаған тест тапсырмалары қазылар алқасының шешімімен сараланып, мазмұнының өзектілігі, шығармашылық ерекшелігі, тақырыпқа сәйкестігі және ұсынылу деңгейі бойынша бағаланды.

    Барлық ауданның қатысуы аяқталғаннан кейін марафон қорытындысы шығарылып, жеңімпаз аудандар арнайы дипломдармен және бекітілген жүлде қоры шеңберінде қаржылай сыйлықтармен марапатталатын болады.

    Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті" жаңалықтары