Қостанай облысында «Мемлекеттік тілге 7 қадам» жобасының қорытынды форумы өтті

    1 / 4

    Қостанай облысында «Мемлекеттік тілге 7 қадам» жобасының қорытындысына арналған облыстық форум өтті. Ауқымды шара мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, оның қоғамдық өмірдегі рөлін арттыру және тіл арқылы қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталды.

    Форумға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты Н. Рамазанова, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының X мерейтойлық съезінің делегаттары, сондай-ақ «Шапағат» медалінің иегерлері А. Фролов пен А. Пимичева қатысты.

    Форум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының X съезінде көтерген бастамаларымен және мерейтойлық Құрылтайдың шешімдерімен сабақтасты. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оның қоғамдық өмірдегі қолданысын кеңейту және азаматтық бірегейлікті нығайту – қоғамның ортақ міндеті. «Мемлекеттік тілге 7 қадам» жобасы осы бағыттағы жұмыстың Қостанай облысында жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын көрсетті. Жоба аясында түрлі этнос өкілдерінің, әсіресе жастардың мемлекеттік тілді меңгеруге, оны күнделікті өмірде қолдануға деген ынтасы мен белсенділігіне басымдық берілді.

    Форум барысында мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқан белсенді азаматтар, ұстаздар мен түрлі этнос өкілдері марапатталып, олардың еңбегі мен бастамаларына жоғары баға берілді.

    «Мемлекеттік тілге 7 қадам» жобасы мемлекеттік тілдің қоғамды біріктіретін маңызды құндылық екенін айқындап, оны дамытуға бағытталған ортақ бастамалардың маңызын көрсетті. Қостанай өңіріндегі осындай жұмыстар тілге құрметті арттырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және қоғамдық келісімді сақтауға ықпал етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті" жаңалықтары