2026 жылғы 17 қарашада Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында тіл нормаларын жетілдіру мәселелеріне арналған отырыс өтті.
Қазақстан Республикасының Вице-Президенті Ерлан Қарин отырысқа төрағалық етіп, қазақ тілінің нормативтік негіздерін жүйеге келтіріп, оның болашақтағы дамуын қамтамасыз ететін жаңа ғылыми, ұйымдастырушылық, технологиялық міндеті жүктелгенін атап өтті. Осы ретте тілдік норманы жетілдірудің тұрақты жүйесін қалыптастыру, оның қолжетімділігін қамтамасыз ету, қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту сияқты өзекті мәселелерді ғылымға, ғалымдардың еңбегіне сүйене отырып жүзеге асырудың маңыздылығына баса назар аудару қажет екенін айтты.
Отырыс барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Ұлттық ғылым академиясының академиктері Зейнеп Базарбаева, Дихан Қамзабекұлы, Шерубай Құрманбайұлы, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан және «Халықаралық қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Рауан Кенжеханұлы орфографияны қалыптастырудағы мемлекеттік және ұлттық қағидаттардың маңызы, ұлттық ғылым тілін дамыту және терминологияны біріздендірудің өзекті мәселелері жөнінде баяндама жасады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









