Сандықтау ауданында кәмелетке толмағандар комиссии жөніндегі комиссияның отырысы өтті

    1 / 3

    Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысын өткізді.

    Отырыс барысында кәмелетке толмағандар арасында суицидтік және өзіне зиян келтіруге бағытталған мінез-құлықтың өзге де түрлерінің алдын алу, сондай-ақ 2026 жылдың 10 айындағы балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелері қаралды.

    Сонымен қатар қатысушылар балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналармен (заңды өкілдермен) өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың деструктивті және экстремистік қызметке тартылуының алдын алу шараларын талқылады.

    Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сандықтау ауданының әкімдігі" жаңалықтары