Сұрақ: Қандай жағдайларда бақылау-касса машинасын (БКМ) салық органында есептен шығару қажет және ол ұрланған немесе жоғалған жағдайда не істеу керек?
Жауап: Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 111-бабының 4-тармағына сәйкес, БКМ-ді мемлекеттік кірістер органдарында есептен шығару мынадай жағдайларда жүргізіледі:
- тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету кезінде ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызметтің тоқтатылуы;
- салық төлеушінің таратылуы, қайта ұйымдастырылуы немесе қызметінің тоқтатылуы;
- БКМ-ді одан әрі қолдану мүмкіндігін жоққа шығаратын техникалық ақаудың туындауы;
- БКМ-ді касса машиналарының тізілімінен алып тастау;
- техникалық ақауы жоқ БКМ моделін жаңа модельге ауыстыру;
- бақылау-касса машинасын ұрлау немесе жоғалту.
БКМ ұрланған немесе жоғалған жағдайда өтінішке ішкі істер органдарына берілген ұрлық туралы арыздың көшірмесін және (или) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында жарияланған жоғалғаны туралы хабарландырудың көшірмесін қоса беру қажет.
#Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
және Байланыс-орталығыбасқармасы








