Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Департамент туралы
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кеден ісі саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау, салықтардың, кеден және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстаудың, аударудың толықтығымен уақыттылығын қамтамасыз ету.
Құрметті салық төлеушілер! 2026 жылғы 21 қазанда сағат 15:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында « Тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін табыс ету мерзімдері мен қағидалары » тақырыбына тікелей эфир өтеді. Спикер: Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасының басшысы Мапитова Мария Талғатқызы. Модератор: Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Төлеген Біләлұлы. Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз. #Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы
Құрметті салық төлеушілер! 2026 жылғы 14 қазанда сағат 15:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында « Салықт ық тіркеу талаптарының сақталу мониторинг және М емлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою туралы хабарламаны орындау тәртібі » тақырыбына тікелей эфир өтеді. Спикер: Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы Мұхаметқалым Ғалымжан Қуанышұлы. Модератор: түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Төлеген Біләлұлы. Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы
Құрметті салық төлеушілер! 2026 жылғы 28 қыркүйекте сағат 15:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «Мүлік салығы» тақырыбына тікелей эфир өтеді. Спикер: Жеке тұлғаларды және жалпыға бірдей декларациялауды әкімшілендіру бөлімінің басшысы Ахметуалиев Расул Русланұлы. Модератор: түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Төлеген Біләлұлы. Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз. #Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы
Құрметті салық төлеушілер! 2026 жылғы 23 қыркүйекте сағат 15:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «Әкелуге/әкетуге тыйым салынған тауарларды, ерекше тауарларды және қосарланған мақсаттағы тауарларды орнынан ауыстыру» тақырыбына тікелей эфир өтеді. Спикер: ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС әкімшілендіру басқармасының Кеден одағы шеңберіндегі әкімшілендіру бөлімінің басшысы Ермошин Николай Николаевич. Модератор: түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Төлеген Біләлұлы. Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы
Құрметті салық төлеушілер! 2026 жылғы 18 қыркүйекте сағат 15:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «Кедендік жете тексеру» тақырыбына тікелей эфир өтеді. Спикер: «Павлодар-кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің басшысы Жүнісов Төлеш Сансызбайұлы. Модератор: түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Төлеген Біләлұлы. Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы
Құрметті салық төлеушілер! 2026 жылғы 26 тамызда сағат 15:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «Тауардың жіктелімі туралы алдын ала шешім қабылдау» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі» тақырыбына тікелей эфир өтеді. Спикер: тарифтік реттеу басқармасының басшысы Касенова Гульмира Канакбайқызы. Модератор: түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Төлеген Біләлұлы. Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы
Павлодар облысы бойынша МКД қызметкерлерінің телефон анықтамалығы
Жарияланды:
Ақпарат
Мүлік салығы: жеңілдігі бар азаматтардың тізбесі және босату шарттары
Мүлік салығы: жеңілдігі бар азаматтардың тізбесі және босату шарттары Ағымдағы хабарламалар мен есептеулер 2025 жылы меншікте болған жылжымайтын мүлік объектілеріне қатысты екеніне назар аударамыз. Салықтық міндеттемелер, жеңілдіктер және есептік көрсеткіштер (2025 жылы 1 АЕК = 3 932 теңге) 2025 жылы қолданыста болған Салық кодексінің нормаларына қатаң сәйкестікте айқындалады. Мүлік салығын толық немесе ішінара төлеуден босатылған азаматтардың жеңілдетілген санаттарының тізбесі Салық кодексінің 526-бабының 2-тармағымен белгіленген. Жеңілдетілген санатқа мыналар жатады: - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Данқ орденімен және «Отан» орденімен марапатталған адамдар – барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан 1000 АЕК шегінде (2025 жылы 1 АЕК = 3 932 теңге, яғни 3 932 000 теңге шегінде); - Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар – жер учаскелері бойынша және барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан 1500 АЕК шегінде (2025 жылы 1 АЕК = 3 932 теңге, яғни 5 898 000 теңге шегінде); -мүгедектігі барадамдар – жер учаскелері бойынша және барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан 1500 АЕК шегінде (2025 жылы 1 АЕК = 3 932 теңге, яғни 5 898 000 теңге шегінде); - Жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалар 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңде – меншік құқығындағы жер учаскелері, тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, автотұрақ орындары және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар бойынша; - бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының біреуі – жер учаскелері бойынша; - «Батыр ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көпбалалы аналар – жер учаскелері бойынша, сондай-ақ меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің (тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, автотұрақ орындары және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар) жалпы құнынан 1000 АЕК шегінде (2025 жылы 1 АЕК = 3 932 теңге, яғни 3 932 000 теңге шегінде); - Бөлек тұратын зейнеткерлер (тұрғылықты жерінің мекенжайы бойынша тек зейнеткерлер тіркелген зейнеткерлер) – жер учаскелері бойынша, сондай-ақ меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің (тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, автотұрақ орындары және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар) жалпы құнынан 1000 АЕК шегінде (2025 жылы 1 АЕК = 3 932 теңге, яғни 3 932 000 теңге шегінде); - Дара кәсіпкерлер – кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын объектілер бойынша, тұрғын үйлерді және Салық кодексінің 529-бабына сәйкес салық базасы айқындалатын басқа да объектілерді қоспағанда; - Пәтердің (бөлменің) меншік иелері болып табылатын жеке тұлғалар – көппәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесіндегі пәтер (бөлме) меншік иесінің үлесі бойынша.
Жарияланды:
Ақпарат
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары 2026 жылдың 8 айында бюджетке түсетін түсімдерді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты қорытындылады
Мемлекеттік кірістер органдары барлық негізгі бағыттар бойынша жоғары тиімділік пен оң динамиканы көрсете отырып, салықтар мен кедендік төлемдердің толық түсуін қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмысын жалғастыруда. 2026 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша республикалық бюджетке салықтық түсімдер жоспары 103,7%-ға орындалды. Жоспарланған 370,3 млрд теңге көрсеткіші кезінде қазынаға нақты 383,9 млрд теңге түсті. Жоспардан тыс асыра орындау 13,6 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жоғары өсу қарқыны — 141,1% тіркелді, бұл түсімдер көлемінің тіпті 111,8 млрд теңгеге жуық өскенін білдіреді. Оң нәтижелер басқа да бағыттар бойынша байқалады: Жергілікті бюджет: 305,4 млрд теңге түсті, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 13,8%-ға артық. Кедендік төлемдер: тұрақты тренд сақталды — 26,6% өсу қарқынымен 21 млрд теңгеден астам түсті. Қол жеткізілген көрсеткіштер кешенді әкімшілендірудің, электрондық сервистерді жетілдірудің, сондай-ақ адал бизнесті қолдау және өңірдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі жұмыстың нәтижесі болды.
Жарияланды:
Ақпарат
Қолжетімділік және жоғары сапа: Павлодар облысында салықтық қызметтердің 99,8%-ы электронды түрде көрсетіледі
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен жоғары сапасын қамтамасыз ету мемлекеттік кірістер органдары қызметінің басты басымдықтарының бірі болып табылады. Сервистерді цифрландыру жағдайында өңір салық төлеушілері қажетті қызметтерді тез, ашық әрі артық әкімшілік кедергілерсіз алады. Бүгінгі таңда Павлодар облысында 740 мыңнан астам салық төлеуші тіркелген. Оның ішінде 18 мыңға жуығын заңды тұлғалар, ал 45 мыңға жуығын жеке кәсіпкерлер құрайды. Есепті кезеңде өңірдің мемлекеттік кірістер органдары 280 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Қызмет көрсету сапасының негізгі көрсеткіштері: - Барлық салықтық қызметтердің 99,8%-ы мамандандырылған онлайн-сервистер мен мемлекеттік органдардың порталдары арқылы электронды түрде көрсетілді; - Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу 0% деңгейінде тіркелді – барлық өтініштер заңнамада белгіленген уақыт шегінде қатаң өңделді. Электрондық сервистерді дамыту және бизнес-процестерді оңтайландыру қызметтерді алу уақытын едәуір қысқартуға, адами факторды жоюға және азаматтар мен бизнес өкілдері үшін барынша қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік кірістер органдары салықтық әкімшілендіруді жетілдіру және халықтың мемлекеттік сервистерге деген сенім деңгейін арттыру бағытындағы жұмысты әрі қарай жалғастыруда.
Жарияланды:
Бұйрық
Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотын жүргізудің кейбір мәселелері туралы