Соттан тыс банкроттық рәсімі бойынша банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес банкроттың қаржылық жағдайына мониторингті уәкілетті орган борышкер банкрот деп танылғаннан кейін үш жыл бойы жүргізеді.
Боршқордың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізуге кредит берушілер де құқылы.
Рәсімді жүргізу тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 254 «Борышкердің және банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.
Қаржылық мониторинг нәтижелері бойынша уәкілетті орган мынадай құжаттардың бірін жасайды:
- Соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті (соның ішінде ортақ бірлескен мүлікті) сатып алу фактісі туралы Қорытынды;
- Соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті (соның ішінде ортақ бірлескен мүлікті) сатып алу фактісінің жоқтығы туралы Анықтама.
Қорытынды 3 (үш) данада жасалады: бірінші данасы уәкілетті органның номенклатуралық істерінде сақталады, екіншісі банкротқа, үшіншісі жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішində кредит берушілерге жіберіледі.
Анықтама 1 (бір) данада жасалады және уәкілетті органның номенклатуралық істерінде сақталады.
Уәкілетті орган банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті (соның ішінде ортақ бірлескен мүлікті) сатып алу фактісін анықтаған жағдайда, мониторинг нәтижелерін кредит берушілерге жібереді.
Мұндай ақпаратты алған кезде кредит берушілер Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес борышкерді банкрот деп танудың күшін жою және банкроттық рәсімін қайта бастау туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
#Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок









