Республика күніне арналған салтанатты іс-шара

    1 / 2

    Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Республика күніне орай салтанаттыіс-шараөтті.

    Әріптестерге құттықтау сөзімен Департамент басшысы Ержан Тоқтарханов арнады. Ол бұл мерекенің халық бірлігі мен мемлекеттілікті нығайтудың символы екенін атап өтіп, Мемлекет басшысының: «Елдің негізгі тірегі әрі басты байлығы – оның азаматтары», – деген түйінді ойына тоқталды. Сөзінің соңында Ержан Тоқтарханов ұжымды мерекемен құттықтап, баршаға бейбітшілік, денсаулық пен бақ-береке тіледі.

    Мереке қарсаңында лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны әрі жоғары кәсібилігі үшін үздік шыққан қызметкерлер марапаттарға ие болды.

    Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен адам ресурстары басқармасы қызметтік тергеп-тексеру бөлімінің бас маманы Әсемгүл Ұлжанова марапатталды. Ал тарифтік реттеу басқармасы тауарларды жіктеу бөлімінің бас маманы Мұрат Батырхановқа облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

    Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!

    Салтанатты шара мерекелік концертпен ұласты.

    Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

    және Байланыс-орталығыбасқармасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары