Алматыда Ағымсалы Дүзелхановтың шығармашылық мұрасына арналған конференция өтті

    1 / 5

    Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Ағымсалы Дүзелхановтың 75 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

    Жиынға суретшінің туыстары, әріптестері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, академия оқытушылары мен студенттер қатысты.

    Конференцияда қылқалам шеберінің өнердегі қолтаңбасы, қазақ графикасындағы тарихи оқиғалардың көрінісі және ұлттық бейнелеу өнеріндегі дәстүр сабақтастығы сөз болды. Пленарлық отырыста суретшінің өмірі мен өнер жолына арналған баяндамалар тыңдалды. Сондай-ақ оның шығармашылығына арналған көрме ашылды.

    Ағымсалы Дүзелханов Қазақстандағы кескіндеме, графика, кітап безендіру және портрет өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. Өнер иесінің шығармашылығында тарихи тақырыптағы туындылар мен қазақтың көрнекті тұлғаларының портреттері айрықша орын алады. Суретші ұлттық валюта дизайнын әзірлеуге де қатысқан.

    Конференцияда суретшінің шығармашылық мұрасы ғылыми тұрғыдан зерделеніп, туындыларын жас ұрпаққа кеңінен таныту жолдары қарастырылды.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары