2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда салық қарызын мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері өзгертілді. Егер бұрын өндіріп алу шаралары тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып, 1 теңгеден басталатын қарыз болған кезде қолданыла алса, енді сараланған тәсіл енгізілді: шаралар қарыз көлеміне қатаң түрде байланысты қолданылады.
20 АЕК-тен аз қарыз болғандасалық төлеушіге тек қарыздың бар екендігі туралы хабарлама жіберіледі және өсімпұл есептеледі. Өндіріп алудың басқа шаралары қолданылмайды.
20-дан 45 АЕК-ке дейінгі қарыз болғандақарызды өтеу туралы хабарлама жіберіледі, банк шоттары мен касса бойынша шығыс операциялары тоқтатылады, сондай-ақ инкассалық өкімдер қойылады.
45 АЕК-тен астам қарыз болғандазаңнамада көзделген өндіріп алудың барлық шаралары, соның ішінде мүлікті сипаттау және сату, сондай-ақ дебиторлар есебінен өндіріп алу қолданылады.
Бұдан бөлек, Салық кодексіне 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қосымша шара – Қазақстан Республикасынан шығуды уақытша шектеу енгізілді, оны іс-жүзінде қолдану 2026 жылғы 1 қазаннан басталды.
Мұндай шара 27 000 АЕК-тен астам салық қарызы бар болғанда, егер ол пайда болған күннен бастап үш айдан астам өтелмесе қолданылуы мүмкін. Шектеу жеке кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын тұлғаларға, сондай-ақ заңды тұлғалардың бірінші басшыларына немесе олардың орнындағы тұлғаларға қатысты.
Шығуды шектеу тек ірі қарыздар кезінде және тек сот санкциялағаннан кейін қолданылатынын баса айтқан маңызды. Мемлекеттік кірістер органы қаулы шығарып, оны сотқа жібереді. Сот санкциясын алғаннан кейін қаулы мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі арқылы заңнамада белгіленген тәртіппен орындау үшін уәкілетті ақпараттық жүйеге беріледі.
Өзгерістердің басты мақсаты – мемлекет пен бизнестің мүдделері арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету. Бір жағынан, елеусіз қарыз сомалары үшін салық төлеушілердің қызметін бұғаттау алынып тасталады. Екінші жағынан, ірі және ұзақ уақыт бойы орындалмаған салық міндеттемелері бойынша жауапкершілік күшейтіледі. Жаңа шара салық қарызын өндіріп алу тиімділігін арттыруға, салық төлеуден жалтару жағдайларын азайтуға және бюджетке қаражаттың уақтылы түсуін қамтамасыз етуге бағытталған.
#Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
жәнеБайланыс-орталығыбасқармасы







