Сыра мен сыра сусындарын міндетті цифрлық таңбалау: кезең-кезеңмен енгізу мерзімдері және бизнеске қойылатын талаптар

    Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасында Data Matrix кодтарын пайдалана отырып, сыра мен сыра сусындарын міндетті цифрлық таңбалау енгізілгенін хабарлайды.

    Таңбалауды кезең-кезеңмен енгізудің мынадай мерзімдері бекітілді (көрсетілген күннен бастап өндірілген өнімдер үшін):

    - 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап– кегтерде шығарылатын сыра мен сыра сусындарын міндетті таңбалау;

    - 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап– бөтелкедегі сыра мен сыра сусындарын міндетті таңбалау;

    - 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап– қалбырдағы (банкідегі) сыра мен сыра сусындарын міндетті таңбалау, сондай-ақ жүйеде тауарды беру құжаттарын жазып беру және растау арқылы өнімнің толық бақылануын іске қосу.

    Міндетті таңбалау енгізілген күнге дейін өндірілген сыра мен сыра сусындарының таңбаланбаған қалдықтарын тауар айналымына қатысушыларға 1 (бір) күнтізбелік жыл ішінде өткізуге рұқсат етіледі.

    Осыған байланысты сыра өнімдерін бөлшек саудада өткізушілердің барлығы (дүкендер, асханалар, барлар, ресторандар) Тауарларды таңбалау мен бақылаудың ақпараттық жүйесінде (ТТБ АЖ)https://tanba.markirovka.kz/ сайтында алдын ала тіркелуі қажет.

    2027 жылғы 1 қаңтардан бастап сыра мен сыра сусындарының бөлшек айналымына қатысушыларға мынадай міндетті талаптар қойылатын болады:

    1.Тауарларды таңбалау мен бақылаудың ақпараттық жүйесінде (ТТБ АЖ) міндетті тіркеудің болуы;

    2.Таңбалаумен жұмыс істеуге бапталған, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын пайдалану;

    3.Тауардың әрбір бірлігін сату кезінде сәйкестендіру құралдарын оқуға арналған сканердің болуы (балама ретінде таңбалаумен жұмыс істейтін мобильді касса қызмет ете алады).

    Сатудың тоқтап қалуын және айыппұл санкцияларының қолданылуын болдырмау үшін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ТТБ АЖ-да алдын ала тіркеуден өтуді және жүйеде сыра мен сыра сусындарын беру құжаттарын растау бойынша дайындық шараларын жүргізуді ұсынады.

    Сұрақтар туындаған жағдайда тіркелген жеріңіз бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына немесе Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Акциздерді әкімшілендіру бөліміне хабарласуыңызға болады.

    #Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок

    Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

    жәнеБайланыс-орталығыбасқармасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары