Мүлік салығы: жеңілдігі бар азаматтардың тізбесі және босату шарттары

    Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    Мүлік салығы: жеңілдігі бар азаматтардың тізбесі және

    босату шарттары

    Ағымдағы хабарламалар мен есептеулер 2025 жылы меншікте болған жылжымайтын мүлік объектілеріне қатысты екеніне назар аударамыз. Салықтық міндеттемелер, жеңілдіктер және есептік көрсеткіштер (2025 жылы 1 АЕК = 3 932 теңге) 2025 жылы қолданыста болған Салық кодексінің нормаларына қатаң сәйкестікте айқындалады.

    Мүлік салығын толық немесе ішінара төлеуден босатылған азаматтардың жеңілдетілген санаттарының тізбесі Салық кодексінің 526-бабының 2-тармағымен белгіленген.

    Жеңілдетілген санатқа мыналар жатады:

    - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Данқ орденімен және «Отан» орденімен марапатталған адамдар – барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан 1000 АЕК шегінде (2025 жылы 1 АЕК = 3 932 теңге, яғни 3 932 000 теңге шегінде);

    - Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерле ріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарыме н марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар – жер учаскелері бойынша және барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан 1500 АЕК шегінде (2025 жылы 1 АЕК = 3 932 теңге, яғни 5 898 000 теңге шегінде);

    -мүгедектігі барадамдар – жер учаскелері бойынша және барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан 1500 АЕК шегінде (2025 жылы 1 АЕК = 3 932 теңге, яғни 5 898 000 теңге шегінде);

    - Жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалар 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңде – меншік құқығындағы жер учаскелері, тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, автотұрақ орындары және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар бойынша;

    - бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының біреуі – жер учаскелері бойынша;

    - «Батыр ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көпбалалы аналар – жер учаскелері бойынша, сондай-ақ меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің (тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, автотұрақ орындары және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар) жалпы құнынан 1000 АЕК шегінде (2025 жылы 1 АЕК = 3 932 теңге, яғни 3 932 000 теңге шегінде);

    - Бөлек тұратын зейнеткерлер (тұрғылықты жерінің мекенжайы бойынша тек зейнеткерлер тіркелген зейнеткерлер) – жер учаскелері бойынша, сондай-ақ меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің (тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, автотұрақ орындары және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар) жалпы құнынан 1000 АЕК шегінде (2025 жылы 1 АЕК = 3 932 теңге, яғни 3 932 000 теңге шегінде);

    - Дара кәсіпкерлер – кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын объектілер бойынша, тұрғын үйлерді және Салық кодексінің 529-бабына сәйкес салық базасы айқындалатын басқа да объектілерді қоспағанда;

    - Пәтердің (бөлменің) меншік иелері болып табылатын жеке тұлғалар – көппәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесіндегі пәтер (бөлме) меншік иесінің үлесі бойынша.

    Жүктеу
    de30e8cfaf49d7f7f05ea7e5ddac1876bd933fdec7aece19906d987c8d00b2cf_original.14630.docx
    DOCX · 14 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Павлодар облысы бойынша МКД қызметкерлерінің телефон анықтамалығы

    Ақпарат

    Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары 2026 жылдың 8 айында бюджетке түсетін түсімдерді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты қорытындылады

    Мемлекеттік кірістер органдары барлық негізгі бағыттар бойынша жоғары тиімділік пен оң динамиканы көрсете отырып, салықтар мен кедендік төлемдердің толық түсуін қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмысын жалғастыруда. 2026 ж...

    Ақпарат

    Қолжетімділік және жоғары сапа: Павлодар облысында салықтық қызметтердің 99,8%-ы электронды түрде көрсетіледі

    Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен жоғары сапасын қамтамасыз ету мемлекеттік кірістер органдары қызметінің басты басымдықтарының бірі болып табылады. Сервистерді цифрландыру жағдайында өңір салық төлеушілері қаж...

    Бұйрық

    Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотын жүргізудің кейбір мәселелері туралы

    Ақпарат

    Мемлекеттік қызметтер тізілімі

    Шешім

    Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің конкурстық комиссия отырысының шешімі

    Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер Комитеті Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің конкурстық комиссия отырысының 2026 жылғы 16 маусымдағы №15 хаттамасының шешімі: Ақсу...

    Шешім

    Конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім және Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің әңгімелесу кестесі

    Қатысушылардың әңгімелесуге жіберу туралы ШЕШІМ № Лауазым Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Шешім (жіберілді / жіберілген жоқ) Жіберілмеу себебі 1. Ақсу қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқарм...

    Кодекс

    2026 жылғы Салық кодексі