Мен жасым бойынша зейнеттемін. 2026 жылы өз пәтерімді заңды түрде жалға беруді жоспарлап отырмын. Мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін режимді қолдануға құқығым бар ма және бұл ретте қандай салықтар төленеді?

    ·
    Сұрақ

    Мен жасым бойынша зейнеттемін. 2026 жылы өз пәтерімді заңды түрде жалға беруді жоспарлап отырмын. Мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін режимді қолдануға құқығым бар ма және бұл ретте қандай салықтар төленеді?

    Жауап

    Иә, 2026 жылы Сіз өзіңізді жұмыспен қамтып, белгілі бір шарттар орындалған кезде пәтеріңізді, соның ішінде зейнеткер ретінде жалға бере аласыз. Бұл 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінде қарастырылған. Жеке меншік немесе жалға алынған тұрғын үйді жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген.

    Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін негізгі шарттар:

    - Сіз Қазақстан азаматы болуыңыз керек;

    - Жеке кәсіпкер (ЖК) болмауы - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін режим тек жеке тұлғаларға ғана қолжетімді;

    - Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулысымен бекітілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілуге тиіс;

    - Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланбау;

    - Ай сайынғы табыс 300 АЕК-тен аспауы тиіс, бұл шамамен 1 млн. 300 мың теңгені құрайды (2026 жылы 1 АЕК 4325 теңгеге тең болады).

    Салықтарқалай есептеледі

    Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар табыс салығын төлемейді.

    Алынған табыстан әлеуметтік төлемдер төленеді - 4%, оған әлеуметтік аударымдар (1%), міндетті зейнетақы жарналары (1%), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (1%), міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (1%) кіреді.

    Әлеуметтік Кодекстің 243, 248-баптарына, сондай-ақ "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңның 28-бабына сәйкес жасына байланысты зейнеткерлер әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеуден босатылады. Осылайша, Сіз әлеуметтік төлемдерден босатыласыз.

    Қалайрәсімдеуге болады

    Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін режимі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «e-Salyq Business» арнайы қосымшасын пайдалануды көздейді.

    - Мобильді қосымшаға өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде тіркелу;

    - Фискалдық чектерді міндетті түрде соғасыз. Режимді қолданудың басталу күні - бірінші чектың соғылуы.

    - Әлеуметтік аударымдар ай сайын автоматты түрде есептеледі.

    Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимінің қолданылуы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 77-тарауының 718-721-баптарымен реттеледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мен жеке кәсіпкермін, менде оңайлатылған режим бар. Мен 2026 жылы осы режимде қалатыным туралы өтініш жазуым керек пе?

    Жауап

    2025 жылдың 18 шілдесінде бекітілген жаңа Салық кодексінің 840-бабына сәйкес қазіргі уақытта арнайы салық режимдерін қолданатын және оңайлатылған декларацияның "жаңа" режиміне көшуді жоспарлап отырған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі тур...

    ·
    Сұрақ

    Мен көлік сатып алғым келеді. Мен көп балалы әке сияқты көлік салығы бойынша жеңілдікке ие боламын ба?

    Жауап

    "Батыр Ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" не "Күміс алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар көлік құралдарына салық төлеушілер болып табылмайды-салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша (Салық кодексінің 490 – бабы). Алайда,бұл ереже салық...

    ·
    Сұрақ

    Мен сенімсіздер тізімінде екенімді білдім. Сенімсіздік қандай критерийлер бойынша танылады?

    Жауап

    Салық міндеттемелерін уақтылы және адал орындамайтын салық төлеушілер сенімсіздер тізімге енуі мүмкін: - пайда болған күннен бастап төрт ай ішінде өтелмеген және ЖК үшін 10 АЕК-тен астам, ЗТ үшін 150 АЕК-тен астам берешегі бар; - әрекетсіз деп танылған, яғни белгіленген мерзімнен...

    ·
    Сұрақ

    Кассалық машинаны кім және қалай есептен шығарады?

    Жауап

    Бақылау-касса машинасын есептен шығару Салық кодексінің 169-бабымен реттеледі. Бақылау-касса машинасын салық органында есептен шығару мынадай негізде жүзеге асырылады: фискалдықдеректероператорыныңмәліметтері-деректерді тіркеужәне(немесе)беруфункциясыбарбақылау-кассалықмашиналар...

    ·
    Сұрақ

    Мен пәтерді жалға тапсырғым келеді. Мен мұны дара кәсіпкерді ашпай-ақ жасай аламын ба?

    Жауап

    Кәсіпкерлік кодекстың 35-бабы 3-тармағының 2-тармақшасына сәйкес жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын жалға берушілер жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуі мүмкін. Бұл жағдайда жыл сайын жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы Декларацияны (270.00-нысан) 15 қыркүйектен кеш...

    ·
    Сұрақ

    ТІЖ көру мүмкін емес пе?

    Жауап

    Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде тасымалдаушы ТСН ұсынады, тіркеу нөмірі бойынша МКД қызметкері АЖ-да ЭК модулін растайды. Бірақ салық төлеуші SNT жазып берген жағдайлар бар, бірақ тасымалдаушы оны шекарадан өткен кезде ұсынбаған, сәйкесінше, SNT МКД қызметкері растамаған б...

    ·
    Сұрақ

    Оңайлатылған декларация тәртібінен патентке көшуге бола ма?

    Жауап

    Салық кодексінің 679-бабына сәйкес жаңадан құрылғанды қоспағанда, салық төлеуші қолдану шарттарына сәйкес келген кезде патент негізінде арнаулы салық режиміне тек жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимінен ға...

    ·
    Сұрақ

    ЖК-ны онлайн режимінде қалай тіркеуге болады?

    Жауап

    Жеке кәсіпкерді онлайн режимінде порталда тіркеуге болады elicense.kz. бұл салық органына кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарлау үшін маңызды.Әрі қарай, басты беттің оң жақ блогында "жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы хабарлама" қызметін таңдау керек. Қызметке...

    ·