Мен жеке кәсіпкермін, менде оңайлатылған режим бар. Мен 2026 жылы осы режимде қалатыным туралы өтініш жазуым керек пе?
2025 жылдың 18 шілдесінде бекітілген жаңа Салық кодексінің 840-бабына сәйкес қазіргі уақытта арнайы салық режимдерін қолданатын және оңайлатылған декларацияның "жаңа" режиміне көшуді жоспарлап отырған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны жіберуі керек, әйтпесе олар жалпыға бірдей белгіленген салық режиміне ауыстырылады.
Сондай-ақ, патентте немесе арнайы мобильді қосымша арқылы жұмыс істейтін кәсіпкерлердің (таксистер, курьерлер және т.б.) назарын 2026 жылғы 1 наурызға дейін оңайлатылған декларацияның "жаңа" режиміне көшу туралы Мемлекеттік кірістер органдарына қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны беру қажеттілігі туралы аударамыз. Әйтпесе, олар автоматты түрде жеке кәсіпкер ретінде есептен шығарылады және режим шарттарына сәйкес келсе, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ретінде жұмысын жалғастыра алады.