Еңбек қатынастарын заң талаптарына сәйкес реттеу – жұмыскерлердің құқықтарын қорғаудың және әділ еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің маңызды кепілі.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің негізгі құқықтары мен міндеттері айқындалған. Атап айтқанда, еңбек шартын жазбаша түрде жасасу, жалақыны уақытылы және толық көлемде төлеу, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын ұсыну мәселелері заңнамамен реттеледі.
Сонымен қатар, еңбек қатынастарындағы өзара сенім мен жауапкершілікті қалыптастыру, еңбек дауларының алдын алу және жұмыскерлердің заңды мүдделерін қорғау ерекше маңызға ие.
🎥 Осы мәселелер жөнінде Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті талдау жұмысы бөлімінің бас маманы Болман Құлмұхамбет Ғалымұлы сараптамалық пікір білдіреді.
Бейнематериалға сілтеме: Инстаграм









