ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ТӘРТІП ПЕН ҚАУІПСІЗДІК БАҚЫЛАУДА

    1 / 3


    Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қаладағы салынып жатқан нысандарды аралап, құрылыс алаңдарының белгіленген талаптарға сәйкестігін тексерді.

    Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, құрылыс аумақтары тиісті қоршаулармен жабдықталуы тиіс. Бұл — тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, жазатайым оқиғалардың алдын алудың және қаланың сәулеттік келбетін сақтаудың маңызды шарты.

    Осыған байланысты кәсіпкерлер мен құрылыс салушыларды заңнама талаптарын сақтауға, нысандардың айналасын ретке келтіріп, қоғамдық орындарға қолайсыздық туғызбауға шақырамыз.

    Қаланың көркеюі құрылыс сапасымен ғана емес, оны жүргізу мәдениетімен де өлшенеді

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жезқазған қаласының әкімдігі" жаңалықтары