Қайрат Асаиновқа «Сандықтау ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді

    1 / 3

    Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай Қайрат Қайырбайұлы Асаиновтың үйіне барып, оған «Сандықтау ауданының Құрметті азаматы» атағын табыстады.

    Аудан әкімі Қайрат Қайырбайұлын көпжылдық адал еңбегі, белсенді азаматтық ұстанымы және туған өлкенің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, оған зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі.

    Қайрат Қайырбайұлы 1961 жылғы 7 наурызда Ақмола облысы Сандықтау ауданының Құмдыкөл ауылында дүниеге келген. Туған жеріне оралғаннан кейін еңбек жолын мал шаруашылығы саласына арнады. Еңбекқорлығының, жауапкершілігінің және өз ісіне деген адалдығының арқасында әріптестері мен аудан тұрғындарының құрметіне бөленді.

    Сондай-ақ ұлттық ат спорты түрлерінен елеулі жетістіктерге жетіп, көкпар және ат үстінде аударыспақ бойынша облыс чемпионы атанды.

    Қайрат Қайырбайұлы көптеген жылдар бойы ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізу шараларына қатысып келеді. Ол бастамашылдығымен, жанашырлығымен және туған өлкенің тағдырына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымымен ерекшеленеді.

    «Сандықтау ауданының Құрметті азаматы» атағының берілуі Қайрат Қайырбайұлының көпжылдық еңбегіне, белсенді өмірлік ұстанымына, қоғамдық өмір мен ауданның дамуына қосқан елеулі үлесіне көрсетілген лайықты құрмет болды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сандықтау ауданының әкімдігі" жаңалықтары