Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру салтанатты рәсімі

    1 / 10

    Қазақстан Республикасының күніне орай Балкашино ауылының орталық алаңында Мемлекеттік Туды көтеру және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау салтанатты рәсімі өтті.

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының әуенімен Мемлекеттік Туды Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай және ауыр атлетика мен гір спортынан спорт шеберіне үміткер, гір спортынан Қазақстан Республикасының және Азияның төрт дүркін чемпионы, гір спортынан әлем чемпионатының қола жүлдегері, әрі ауыр атлетикадан облыстық жарыстардың чемпионы Анастасия Успеньева салтанатты түрде көтерді.

    Аудан әкімі жиналғандарды Республика күнімен құттықтап, бұл мерекенің халық бірлігін, жасампаздыққа ұмтылысты және мемлекеттің тәуелсіз дамуын бейнелейтінін атап өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сандықтау ауданының әкімдігі" жаңалықтары