1 / 13
Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Сандықтау ауданында қуаттылығы 9 МВт болатын жаңа орталық қазандық іске қосылды. Жобаның мердігері – «Азияэнергопроектмонтаж» ЖШС.
Аталған жобаның жүзеге асырылуы ауданның коммуналдық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Қазандықты пайдалануға беру жылумен жабдықтау жүйесін жетілдіруге, оның жұмысының сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ тұтынушыларды жылу энергиясымен қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған.
Жаңа нысанның жұмысы қолданылған техникалық шешімдердің тиімділігін тәжірибе жүзінде бағалауға және жылумен жабдықтау жүйесін одан әрі дамытудың перспективаларын айқындауға мүмкіндік береді.







