Жаңа өрт сөндіру бекеті — тұрғындардың қауіпсіздігін күзетуде

    1 / 19

    Қазақстан Республикасы күні қарсаңында, сондай-ақ ел Тәуелсіздігінің 35- жылдығы аталып өтіп жатқан жылы Белгородское ауылында жаңа өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылуы өтті.

    Маңызды оқиғамен ауыл тұрғындары мен қонақтарын Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай құттықтады. Сонымен қатар Ақмола облысы Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Ренат Валишанов құттықтау сөз сөйледі.

    Іс-шара барысында «Ауыл құтқарушы» бағдарламасы аясында өрт сөндіру бекетінің құрылысын жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі және Белгородское ауылы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ат салысқаны үшін «Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен «Белгородское» ЖШС басшысы Артем Любимов марапатталды. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің алғыс хатымен ауылдық округ әкімі Бауырбек Жанғожин марапатталды.

    Өрт сөндіру бекетінің ашылуы — ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін нығайту жолындағы маңызды қадам. Жаңа бөлімше төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, өрттерді сөндіруге және Белгородское ауылы мен оған жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарына қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

    Іс-шара соңында қатысушылар ауылды абаттандыруға және оның табиғи келбетін сақтауға үлес қосу мақсатында шырша көшеттерін отырғызды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сандықтау ауданының әкімдігі" жаңалықтары