10 қарашада әйел кәсіпкерлерге арналған "TalpynUp" халықаралық менторлық бағдарламасының жетінші легі басталады.
Бағдарламаға қатысу не береді? Бұл тек білім ғана емес, оқу барысында-ақ өз бизнесіңізде қолдануға болатын нақты құралдар мен дағдылар. Қаржы, маркетинг және сатудан бастап, бизнес-модель құру мен жасанды интеллектті пайдалануға дейінгі бағыттарды қамтиды. Сонымен қатар, бағдарламаға қатысушылар басқа кәсіпкер әйелдермен тәжірибе алмасып, жаңа іскерлік байланыстар орнатып, сарапшылардың қолдауына ие болады. Өзіңіздің мақсаттарыңыз бен міндеттеріңізді түсінетін, бірге дамуға дайын әйелдер қауымдастығының бір бөлігі боласыз.
Бағдарламаны Қазақстанның Бизнес-тренерлер қауымдастығы Назарбаев Университетінің Кәсіпкерлікті зерттеу орталығымен (NURCE) серіктестікте жүзеге асырады. Бұл - 6 айға созылатын, толықтай онлайн форматта өтетін жаңартылған білім беру және зерттеу бағдарламасы.
Төмендегі төрт санаттағы әйелдер үшін бағдарламаға қатысу тегін:
* көпбалалы аналар;
* балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған аналар;
* даму ерекшеліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар;
* қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдер.
Егер сіз өз ісіңізді дамытып, жаңа шешімдер тауып, өсуге арналған мүмкіндіктер аясын кеңейткіңіз келсе, TalpynUp 7.0 бағдарламасына назар аударыңыз.
Ал егер бұл мүмкіндік сіз білетін әйелдердің біріне пайдалы болуы мүмкін болса, осы жазбамен бөлісіңіз!
📲 Толық ақпарат және тіркелу: WhatsApp: +7 708 848 55 11




