Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы

    Басқарма туралы

    «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық және туризм қызметі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын қазақстан республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    «Қостанай облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы: қостанай облысының аумағында өз құзыретiнiң шегiнде экономиканың басым секторларының дамуына бағытталған, оның әртараптандыруын және бәсекеге қабiлеттiлiгiн өсiрудi қамтамасыз ететiн мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыруға қатысу.

    Міндеттері:

    1) экономиканың басым секторларын дамыту үрдiсiнде мемлекет пен бизнестiң тиiмдi өзара әрекетiн қамтамасыз ету (өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, туризм);

    2) индустриаландыруға қолайлы орта құруға жәрдемдесу;

    3) инвестициялық жобаларды әзірлеуге және iске асыруға жәрдемдесу;

    4) инновациялық қызметке жәрдемдесу

    5) сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуға жәрдемдесу;

    6) туристік қызметтің дамуына жәрдемдесу;

    7) қазақстан республикасының заңнамасымен көзделген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ашу

    Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «Бір ауыл – бір өнім» (БАБӨ) бағдарламасының финалистері үшін мемлекеттік гранттар беру конкурсы өтті.

    Ашу

    АНОНС!

    Ашу

    Бақылау-қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күні

    Ашу

    ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

    Ашу

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөніндегі тетіктерді іске асырудың үлгілік қағидаларында айқындалған Қостанай облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөніндегі екінші тетікті іске асыру шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру туралы хабарландыру (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген).

    Ашу

    Бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдындағы бірыңғай есеп беру күні

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолдау

    Жауап

    «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде кәсіпорынға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылуы мүмкін: Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау: Пайыздық мөлшерлеме: 6% . Кредиттің ең жоғары мөлшері: бағытына байланысты 7 млрд . теңгеге дейін. Кредиттерге кепілдік беру: - ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін-кредит сомасының 85 % ; - жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін – кредит сомасының 50 %. Кредиттерді «Kaspi Bank» АҚ, «Банк Хоум Кредит» АҚ қоспағанда, барлық екінші деңгейдегі банктер береді. Инфрақұрылымды жеткізу : су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін ұңғымаларды бұрғылау) , газдандыру, су таратқыштар, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, теміржол кірме жолдары, телефондандыру, кіші электр станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу-газ қондырғылары. Жобаның қажетті критерийлері: - жобаға инвестиция көлемі- 200 млн. теңгеден кем емес; - инфрақұрылым құрылысының құны-кемінде 50 млн.теңге, бұл ретте инфрақұрылым құрылысының ең жоғары сомасы (коммуникациялардың барлық түрлеріне) 1 млрд. теңгеден аспайды. Мемлекеттік қолдау алу үшін қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №1060 Қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу қағидалары және Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №352 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген, оған мыналар кіреді: - нысан бойынша қаржыландыруға өтінім; - бизнес-жоспар; -жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі, әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда. - сараптама қорытындысымен жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы ұсынады. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері объектісі аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады.

    ·
    Сұрақ

    Инвестициялық преференциялар

    Жауап

    ҚР СІМ Инвестициялар жөніндегі Комитетімен жасалатын инвестициялық келісімшарттар шеңберінде бизнес субъектісіне импортқа кедендік баждар мен қосылған құн салықтарын салудан босату, заттай гранттар беру және салықтар бойынша жеңілдіктер (КТС, жер және мүліктік салықтар) түрінде инвестициялық преференциялар берілуі мүмкін. Көрсетілген преференцияларды алу үшін инвестициялық жоба бірқатар шарттарға, оның ішінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес келуі тиіс (ҚР 14.01.2016 № 13 Қаулысы) .

    ·
    Сұрақ

    «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы

    Жауап

    Кредит беру бойынша басым жобаларды іріктеудің негізгі өлшемшарты бағдарламаның тиісті тетігімен (142 ЭҚЖЖ) бекітілген шығудағы ЭҚЖЖ бойынша тауарлар тізбесі болып табылады. Республика бойынша қаржыландыруға агроөнеркәсіп кешені және өңдеу өнеркәсібі саласында 1 трлн. теңге бөлінген. Осы механизм бойынша оператор «Даму» КДҚ және оның аумақтық бөлімшелері болып табылады. Анықтама үшін: Қарыз алушы үшін бағдарламаның негізгі шарттары: Сыйақы мөлшерлемесі- 6 % (АШМ арқылы субсидиялау кезінде 3%- 6% дейін); 3 млрд. теңгеден аспайтын сомаға 50 % - ға дейін кепілдік беру, 3 млрд. теңгеден 5 млрд. теңгеге дейінгі сомаға 30 % - ға дейін; Кредит сомасының 50 %-на дейін айналым қаражаттарын толықтыру (АҚТ); АҚТ меншікті қаражаты есебінен тамақ өнеркәсібі саласында 100 % - ға дейін; 1 жылдан аспайтын мерзімге қаржыландыру көзін шектемей көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 100 % - ға дейін айналым қаражатын толықтыру; Кредит мерзімінің 1/3 аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең; Инвестицияларға субсидиялау мерзімі- 7-10 жыл; 6. Кредиттеу мерзімі: инвестициялық мақсаттарға- 10 жылға дейін; айналым қаражатын толықтыруға – 3 жылға дейін

    ·
    Ақпарат

    Қостанай облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтар

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жұмыс берушілерге ақпарат!

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2027 жылға жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінім

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қостанай облысының 2026 жылғы қаңтар-шілде айларындағы машина жасау саласы бойынша ақпарат

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы қаңтар – шілде айларындағы жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша ақпарат

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қостанай облысының 2026 жылғы қаңтар-шілде айларындағы тау-кен өндіру саласы бойынша ақпарат

    Жарияланды: