Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 2
2026 жылғы 17–27 қазан аралығын қоса алғанда, акцияға қатысатын сауда нысандарында, оның ішінде сауда ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, сауда орталықтарында, супермаркеттерде және басқа да бөлшек сауда нысандарында «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтуде.
Аталған акциялар халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған ауқымды республикалық бастама болып табылады. Республика күні қарсаңында өткізілетін акциялар сауда ұйымдарын, жеткізушілер мен өндірушілерді біріктіріп, тұрғындарға тауарларды төмендетілген бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.
Акциялар аясында азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың әртүрлі санаттары бойынша арнайы бағалық ұсыныстар мен жеңілдіктер қарастырылған.





