«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолдау

    Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы

    Сұрақ

    «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолдау

    Жауап

    «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде кәсіпорынға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылуы мүмкін:

    1. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау:

    Пайыздық мөлшерлеме: 6%.

    Кредиттің ең жоғары мөлшері: бағытына байланысты 7 млрд. теңгеге дейін.

    1. Кредиттерге кепілдік беру:

    - ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін-кредит сомасының 85 % ;

    - жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін – кредит сомасының 50 %.

    Кредиттерді «Kaspi Bank» АҚ, «Банк Хоум Кредит» АҚ қоспағанда, барлық екінші деңгейдегі банктер береді.

    1. Инфрақұрылымды жеткізу: су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін ұңғымаларды бұрғылау), газдандыру, су таратқыштар, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, теміржол кірме жолдары, телефондандыру, кіші электр станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу-газ қондырғылары.

    Жобаның қажетті критерийлері:

    - жобаға инвестиция көлемі- 200 млн. теңгеден кем емес;

    - инфрақұрылым құрылысының құны-кемінде 50 млн.теңге, бұл ретте инфрақұрылым құрылысының ең жоғары сомасы (коммуникациялардың барлық түрлеріне) 1 млрд. теңгеден аспайды.

    Мемлекеттік қолдау алу үшін қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №1060 Қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу қағидалары және Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №352 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген, оған мыналар кіреді:

    - нысан бойынша қаржыландыруға өтінім;

    - бизнес-жоспар;

    -жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі, әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда.

    - сараптама қорытындысымен жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы ұсынады.

    Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері объектісі аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Инвестициялық преференциялар

    Жауап

    ҚР СІМ Инвестициялар жөніндегі Комитетімен жасалатын инвестициялық келісімшарттар шеңберінде бизнес субъектісіне импортқа кедендік баждар мен қосылған құн салықтарын салудан босату, заттай гранттар беру және салықтар бойынша жеңілдіктер (КТС, жер және мүліктік салықтар) түрінде и...

    Сұрақ

    «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы

    Жауап

    Кредит беру бойынша басым жобаларды іріктеудің негізгі өлшемшарты бағдарламаның тиісті тетігімен (142 ЭҚЖЖ) бекітілген шығудағы ЭҚЖЖ бойынша тауарлар тізбесі болып табылады. Республика бойынша қаржыландыруға агроөнеркәсіп кешені және өңдеу өнеркәсібі саласында 1 трлн. теңге бөлін...