«Қарапайым заттар экономикасы» салаларын жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы

    ·
    Сұрақ

    «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы

    Жауап

    Кредит беру бойынша басым жобаларды іріктеудің негізгі өлшемшарты бағдарламаның тиісті тетігімен (142 ЭҚЖЖ) бекітілген шығудағы ЭҚЖЖ бойынша тауарлар тізбесі болып табылады.

    Республика бойынша қаржыландыруға агроөнеркәсіп кешені және өңдеу өнеркәсібі саласында 1 трлн. теңге бөлінген.

    Осы механизм бойынша оператор «Даму» КДҚ және оның аумақтық бөлімшелері болып табылады.

    Анықтама үшін:

    Қарыз алушы үшін бағдарламаның негізгі шарттары:

    1. Сыйақы мөлшерлемесі- 6 % (АШМ арқылы субсидиялау кезінде 3%- 6% дейін);
    2. 3 млрд. теңгеден аспайтын сомаға 50 % - ға дейін кепілдік беру, 3 млрд. теңгеден 5 млрд. теңгеге дейінгі сомаға 30 % - ға дейін;
    3. Кредит сомасының 50 %-на дейін айналым қаражаттарын толықтыру (АҚТ); АҚТ меншікті қаражаты есебінен тамақ өнеркәсібі саласында 100 % - ға дейін; 1 жылдан аспайтын мерзімге қаржыландыру көзін шектемей көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 100 % - ға дейін айналым қаражатын толықтыру;
    4. Кредит мерзімінің 1/3 аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең;
    5. Инвестицияларға субсидиялау мерзімі- 7-10 жыл;

    6. Кредиттеу мерзімі: инвестициялық мақсаттарға- 10 жылға дейін; айналым қаражатын толықтыруға – 3 жылға дейін

    Ұқсас материалдар