Республика күні қарсаңында Балкашино ауылында шырша көшеттері отырғызылды

    1 / 10

    Қазақстан Республика күні қарсаңында Балкашино ауылында шырша көшеттерін отырғызу акциясы өтті. Экологиялық акцияға мемлекеттік мекемелердің басшылары, спортшылар және жастар белсенді қатысты.

    Барлығы 35 шырша көшеті отырғызылды. Алдағы уақытта бұл жерде аудан тұрғындары үшін тағы бір жайлы жасыл аймаққа айналатын шағын саябақ құру жоспарланып отыр.

    Осындай бастамалар игі дәстүрге айналып, туған өлкені абаттандыруға өз үлесін қосуда. Тұрғындар бірлесе күш жұмсап, өздері мен болашақ ұрпақ үшін қолайлы, әрі көрікті орта қалыптастыруда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сандықтау ауданының әкімдігі" жаңалықтары