Сандықтау ауданы әкімінің Қазақстан Республикасы күнімен құттықтауы

    Құрметті Сандықтау ауданының тұрғындары!

    Сіздерді Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Республика күні – халқымыздың бірлігін, тәуелсіздігін және жасампаздыққа деген ұмтылысын бейнелейтін маңызды мереке. Бұл күн бізге туған жеріміздің қадірін, оның болашағы үшін жауапкершілікті және еліміздің өркендеуі жолында бірлесе күш жұмсаудың маңызын еске салады.

    Бүгінде әрқайсымыз туған өлкеміздің дамуына өз үлесімізді қосып келеміз. Бірлік, еңбекқорлық және өзара қолдау арқылы алға қойған жоспарларымызды жүзеге асырып, ауданымыздың әл-ауқатын одан әрі арттыра алатынымызға сенімдімін.

    Әр шаңыраққа зор денсаулық, бейбітшілік, бақыт пен молшылық тілеймін! Әр үйде татулық пен береке орнап, еліміз жаңа жетістіктерге нық қадам баса берсін!

    Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сандықтау ауданының әкімдігі" жаңалықтары