Сандықтау ауданында Республика күні аталып өтті

    1 / 16

    Қазақстан Республикасы күні қарсаңында аудандық Мәдениет үйінде Еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі – Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

    Салтанатты рәсім Мемлекеттік Туды енгізу және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды.

    Іс-шараға қатысушыларға құттықтау сөзін Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай арнады. Аудан әкімі Республика күнінің маңыздылығына тоқталып, ұлттық құндылықтарды сақтау, бірлік пен келісімді нығайтудың маңызын атап өтті.

    Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі жергілікті атқарушы органның мемлекеттік қызметшілерінің ант қабылдау рәсімі болды.

    Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, жеті бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ана Наталья Грицай «Алтын алқа» алқасымен марапатталды.

    Салтанатты рәсім барысында бірқатар аудан тұрғынына «Сандықтау ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Сондай-ақ адал еңбегі, белсенді азаматтық ұстанымы және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін азаматтарға алғыс хаттар табысталды.

    Мерекелік іс-шара шығармашылық ұжымдар дайындаған жарқын концерттік бағдарламамен жалғасты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сандықтау ауданының әкімдігі" жаңалықтары