ТҮРКІСТАНДА ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

    1 / 4

    Түркістан қаласындағы Ясауи музейінде «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы: жаңа дереккөздер және оларды интерпретациялау тәсілдері» атты халықаралық форум өтті. Ғылыми жиын «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы мен Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зерттеу орталығының (IRCICA) ұйымдастыруымен өткізілді.

    Форум жұмысын IRCICA профессоры, тарих ғылымдарының докторы Әшірбек Муминов жүргізді. Ашылу салтанатында музей-қорық директоры Ерлан Дәкенов қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, ғылыми жиынның маңыздылығына тоқталды. IRCICA өкілі Женгиз Томар орталықтың ғылыми-зерттеу тәжірибесі туралы баяндама жасаса, Түркия Дін істері қорының Ислам зерттеулері орталығының (İSAM) бас хатшысы Мехмет Камил Яшароғлу мекеменің ғылыми қызметі мен негізгі зерттеу бағыттарын таныстырды.

    Форум барысында Қожа Ахмет Ясауидің тарихи тұлғасы мен рухани мұрасы, «Диуани хикмет» қолжазбалары, Ясауия тариқатының тарихы мен рухани сабақтастығы, Түркістан қаласы мен Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тарихи-мәдени маңызы, сондай-ақ мұраны зерттеудің заманауи әдістері мен цифрлық гуманитаристика мәселелері талқыланды.

    Халықаралық жиынға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден келген ғалымдар, зерттеушілер, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, музей қызметкерлері мен жас ізденушілер қатысты. Форум қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде өткізілді.

    Форум жұмысын музей-қорық директоры Ерлан Дәкенов, профессорлар Әшірбек Муминов пен Досай Кенжетай қорытындылады. Жиын соңында қатысушылар Қожа Ахмет Ясауи, Гауһар ана және Арыстан баб кесенелеріне зиярат етті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары