ОТЫРАР АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

    1 / 4

    25 қазан – Республика күніне орай Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті.

    Салтанатты шараға құқық қорғау органдарының өкілдері мен аудан тұрғындары қатысып, мемлекеттік рәмізге деген құрметтерін білдірді.

    Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі – тәуелсіздігіміздің тұғырын, елдігіміздің айбынын, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын айшықтайтын маңызды шара. Көк байрағымыздың биікте желбіреуі – әрбір қазақстандық үшін мақтаныш пен отансүйгіштіктің символы.

    Республика күні – еліміздің мемлекеттілігін нығайтып, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын, тәуелсіздігіміздің қадірін ұғындыратын маңызды мереке.

    Мерекелік шара соңында қатысушылар еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығын, халқымыздың амандығын тілеп, көк Туымыздың әрдайым биікте желбіреуіне тілектестік білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары