ТҮРКІСТАНДА ӨНЕРПАЗДАР «RED BUS» ЭКСКУРСИЯЛЫҚ АВТОБУСЫМЕН ЖЫЛЖЫМАЛЫ КОНЦЕРТ ӨТКІЗДІ

    1 / 4

    Түркістан қаласында Республика күні мен Қала күніне орай мерекелік іс-шаралар жалғасуда. Қос мерекеге арналған екі қабатты «RED BUS» экскурсиялық автобусы қала көшелерін аралап, тұрғындар мен қонақтарға ерекше көңіл күй сыйлады.

    Қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов автобус аялдамасында жиналған тұрғындарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар тұрғындарға сыйлықтар үлестіріліп, автобус ішінде мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

    Мерекелік автобус бағыты Теміржол вокзалынан басталып, Орталық базар, «Turan Mall» сауда орталығының алды және әуежай аумағын қамтиды. Аялдамаларда өнерпаздар тұрғындар мен қала қонақтарына арнап ән шырқап, мерекелік көңіл күй сыйлады.

    Мұндай бастамалар қала тұрғындары мен қонақтарының мерекелік көңіл күйін көтеріп, ортақ қуанышқа ұйысуына және қаланың мәдени өмірін жандандыруға ықпал етеді.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары