Түркістан қаласында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымы 23 қазаннан басталды. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қаулысына сәйкес, жылу әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлерге бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен беріледі.
Қазіргі таңда қаладағы орталықтандырылған жылу жүйесіне 13 607 тұтынушы қосылған. Оның ішінде 230 көпқабатты тұрғын үй, 30 бюджеттік ұйым және 164 өзге де тұтынушы бар.
Жылыту маусымының басталуына байланысты жауапты мекемелерге жылу жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және тұтынушыларды жылумен жабдықтау барысын бақылау тапсырылды.
Жауапты қызметтер жылыту маусымында жылу жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және тұрғындар мен әлеуметтік нысандарды жылумен үздіксіз қамтуға бағытталған жұмыстарды жүргізеді.









