Сандықтау ауданы әкімінің әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күнімен құттықтауы

    Құрметті әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері мен сала ардагерлері!

    Сіздерді Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Сіздердің еңбектеріңіз ерекше сезімталдықты, сабырлылықты және үлкен жүрек жылуын талап етеді. Күн сайын сіздер адамдарға көмек көрсетіп, отбасыларға қолдау білдіріп, аға буын өкілдеріне және өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға қамқорлық танытып келесіздер. Әлеуметтік саланы дамытуға және аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қосып жүрген үлестеріңіз зор құрметке лайық.

    Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, сарқылмас күш-қуат және еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін! Өмірлеріңіз қуанышты сәттерге, жылы сөздерге және еңбектеріңізге деген шынайы алғысқа толы болсын!

    Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сандықтау ауданының әкімдігі" жаңалықтары