Тұран университетінде заң клиникасының ресми ашылуы және жаңа заң жобаларын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Заң клиникасы болашақ заңгерлердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға, кәсіби дағдыларын дамытуға және азаматтарға құқықтық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Оның жұмысы студенттердің практикалық даярлығын жетілдіруге және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар жаңа заң жобалары бойынша пікір алмасып, заңнаманы жетілдіру және азаматтардың құқықтық хабардарлығын арттыру мәселелерін талқылады.
Іс-шара заңгерлерді даярлаудағы тәжірибелік оқытудың маңызын және азаматтарға құқықтық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру қажеттігін айқындады.









