28 қазанда Алматы қаласы Әділет департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын іске асыру аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдепті сақтау мәселелеріне арналған семинар өтті.
Іс-шараны Департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Қ. Б. Базарбаев кіріспе сөзбен ашты.
Семинарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Шавкет Метхатович Турдиев және Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Мөлдір Серікқызы Жабаева қатысты.
Спикерлер мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың негізгі ережелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын түсіндірді. Қызметтік міндеттерді орындау барысында әдеп нормаларын сақтау мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне назар аударылды.
Семинар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білімін жетілдіруге, қызметтік жауапкершілігін арттыруға және азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайтуға бағытталды.









