2026 жылғы 29 қазанда Алдабергенов ауылдық округінің әкімі Алдабергенов ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.
Кездесу барысында тұрғындарға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың, нашақорлықтың, терроризм мен экстремизмнің, мал және өзге де мүлік ұрлығының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалар мен жасөспірімдерге қатысты буллингке жол бермеу, олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аталған жұмыстар «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.







